Теңгелік депозиттер бойынша не өзгеріс болып жатыр?
23 ақпанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті, соған байланысты наурыздан бастап банктердегі ЖАҢА депозиттер бойынша пайыздар да төмендеді. Ал қазір депозиттер бойынша қандай банктер ең жоғары пайыздық мөлшерлеме ұсынады?
Анықтамалық ақпарат: Қазақстанда депозиттердің 3 түрі бар: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар. Олардың негізгі айырмашылығы икемділігінде: мерзімсіз депозиттерді кез келген уақытта толтыруға және шешіп алуға болады (Kaspi-депозит – мерзімсіз депозит). Мерзімді депозиттер мен жинақ депозиттерінде салымдар мен қаражатты шешіп алу бойынша шектеулер бар, сондықтан пайыздық мөлшерлемесі жоғары.
• Мерзімсіз депозиттер бойынша банктер арасындағы ең жоғары пайыз (15,00% мөлшерлеме (ГЭС)) HomeCredit, Еуразиялық, Altyn Bank-терінде 12 айлық салым кезінде ұсынылады, Halyk осындай мөлшерлемені 6 айға ұсынады. Толық ақпараты бар кесте
👉 сілтемеде.
• Мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеме 17,00% ГЭСВ 6 айға «Стратегия» депозиті бойынша Freedom Finance, сосын 16,60% мөлшерлемені Bereke Bank ұсынады. Толық кесте
👉 сілтемеде.
• Толтыру қолжетімді жинақ салымдары бойынша 17,00% ГЭСВ Нұрбанкте 3-6 айға депозит ашқан кезде ұсынылады, одан кейін Еуразиялық, HomeCredit пен Altyn Bank-те 6 айлық депозит үшін 16,50% мөлшерлеме беріледі. Толық кесте
👉 сілтемеде (бірінші бет).
•
Толтыру қолжетімсіз жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме 17,50%-ды Еуразиялық банк, Нұрбанк, Freedom Finance пен Halyk банк 6 айға ұсынады. Толық кесте
👉 сілтемеде (екінші бет).
https://t.center/tiimdiqazaqstan