Смотреть в Telegram
Тиімді мобильді интернеттің 8 нұсқасы (мұрағаттағылардан басқа) (жазба 04.04.2024 жаңартылды) • Егер отбасыңыз 4-5 адамнан тұратын болса немесе достарыңызбен/таныстарыңызбен жинала алсаңыз, Билайнда «Премиум отбасы» тарифі бар, онда шектеусіз мобильді интернет пен басқа операторларға 1000 минут, сондай-ақ Simply-дегі барлық кешбэкке +1% және BeeTV жазылымы беріледі. Абоненттік төлем 15 000₸ (бірінші айда 50% жеңілдік). Сонда тағы 4 адам қоссаңыз, сізді қоса алғанда әрбіріңізге айына 3750₸ шығады. Шексіз интернет пен қоңыраулар саны үшін өте тиімді баға. Толығырақ. Сондай-ақ айына 13 000₸ тұратын 3 адамға арналған "Премиум отбасы" тарифі бар. Толығырақ. • Егер сіз Астана, Алматы немесе Шымкент тұрғыны болсаңыз, смартфоныңызда 5G болса және қала ішінде тұрсаңыз, Freedom Mobile ұсынатын Five Mobile-ді қарастыруға болады. Үш түрлі тариф бар: «Ход конём» — 1990₸ (20 ГБ), «Шах» — 2490₸ (40 ГБ) және «Шах и Мат» — 2990₸ (шексіз интернет). Аталмыш оператордың ерекшелігі — онда 4G мен одан төмен жиіліктер жоқ, тек 5G бар. Қосар алдында оператор сіз жиі болатын жерлерде жұмыс істейді ме, жоқ па тексеріп алыңыз, қамту картасына сілтеме. Толығырақ. • Егер тарифіңізде гигабайттар немесе минуттар үнемі артылып қалса, онда izi-ді қарастырып көруге болады. Онда минуттар мен ГБ оларды өзіңіз толық пайдаланғаныңызша күйіп кетпейді. Алғашқы тіркелу кезінде HOWEYZ промокоды бойынша 7 күнге +30 ГБ және мерзімсіз +5 ГБ сыйлыққа береді. Біз бұл тақырып бойынша 3 жазба жариялағанбыз: 1 бөлім — сипаттамасы, 2 бөлім — жеке тәжірибеміз, 3 бөлім — кеңестер. Егер аталмыш операторға ауысуды жоспарлап жүрсеңіз, міндетті түрде оқып шығыңыз. Сондай-ақ қосымшада медиаконтентті қарау арқылы бонустар алып, оны гигабайттарға ауыстыруға болады. • Tele2 кеңселерінде мұрағатталған тарифтерді бір реттік төлем бойынша жарты жылға бұрынғы бағамен қосуға болады. Сондай-ақ, «Бірге тиімді» топтарын құруға болады. Онда 7 адам қосылса, әрқайсысы тарифтік төлемге 20% жеңілдік алады. Егер 5 адам болса, онда 15%. Мысалы, «Сенің ережелерің» тарифіне айына 3890₸ жазылуға болады (200 мин, 17 ГБ, әлеуметтік желілерге шектеусіз кіру, мин=ГБ конвертациясы). Оған қоса достарыңыз үшін қосымша жеңілдік алуға болады. • Jusan-да банк картасымен айына қолма-қол ақшасыз 50 000₸ басталатын транзакция жасағанда, 120 мин + 12 ГБ беретін тегін ұялы байланыс тарифтік жоспарын қосуға болады (өзара ауыстыруға болады). SIM картаны банк картасын ашу кезінде банк бөлімшесінде береді. Нөмірді тіркеу Jusan қосымшасындағы Mobile бөлімінде жүзеге асады. Мұнда Tele2 операторы. Толығырақ. Jusan картасына шолу сілтемеде. • Forte Bank өз қосымшасының пайдаланушылары үшін жеңілдіктері бар ұялы байланыс тарифтерін ұсынады: 25 ГБ + 250 минут — 3 000₸, + әлеуметтік желілерге шексіз байланыс — 3 900₸ немесе 12 ГБ + 120 минут — 1500₸. Ондағы оператор — Билайн. Толығырақ сілтемеде. Маңызды ақпарат: ГБ пен минуттарды өзара ауыстыруға болмайды. • Kcell, Activ, Beeline мен Tele2 сайттары мен қосымшаларында дүкен бөлімі бар, онда смартфонды келісімшарт бойынша бөліп төлеу арқылы немесе толық төлеу арқылы сатып алуға болады. Келісімшарт кезінде сізге ГБ пен минуттары бар немесе толығымен шектеусіз ұялы байланыс тарифі ұсынылады. Егер аталмыш смартфон басқа да платформаларды шамамен осы бағада тұрса, бұл әдісті пайдалану тиімді болмақ. Мысалды мына жазбада талдағанбыз. • Халықтың кейбір әлеуметтік осал топтары үшін арнайы тарифтер бар. Оқу. https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Канал