Автокөлікті тиімді сатып алу әдістерінің бірі
Оқырманымыздан: Қазір көптеген көлік салондары белгілі бір көлік үлгілеріне алғашқы 1, 2 немесе 3 жылға 0,12% мөлшерлемемен несие ұсынады (егер аталмыш мерзімнен ұзақ болса, мөлшерлеме 20% немесе одан жоғары болмақ). Олар мұны бөліп төлеудің бір түрі деп атайды.
Бұл сізде автокөлік сатып алу үшін толық сома бар болған жағдайда тиімді. Оның мәні мынада: сіз тек бастапқы жарнаны енгізіп, басқасын пайыз есептелуі үшін депозитке салып қоясыз. Сол жерден 1-3 жылдық жеңілдік кезеңі аяқталғанша ай сайын төлем жасап отырасыз. Мерзім аяқталғаннан кейін депозиттен барлық соманы алып, көлік құнының қалған бөлігін төлейсіз.
Мен өзім осылай Kia Ceed сатып алып, кесте жасап шықтым. Бастапқы жарна 30% құрады, қалған соманы мерзімсіз депозитке салып қойдым. 2 жыл ішінде шамамен 2,1 млн ₸ үнемдеймін деп жоспарлап отырмын (2 жылға бөлеп төлеу арқылы көлікті 11,1 ₸ млн орнына 9 млн ₸-ге сатып аламын). Бұл бүкіл соманы бірден бергенге қарағанда тиімдірек. Тіпті қажетті карталармен төлеген күнде де, кешбэктен түсетін пайда бәрібір осынша үлкен болмайды.
P.s: nur.kz сайтында атамлыш бағдарламалар Omoda, Chevrolet, JAC, Changan Auto, Hongqi, KIA компанияларында бар деп жазылған.
Толығырақ сілтемеден оқуға болады. Сондай-ақ оқырмандарымыз автокөліктің кейбір түрлерін көптеген көлік салондарында Еуразиялық банк арқылы 4,4%-бен жеңілдетілген автонесиемен алуға болады дейді.
https://t.center/tiimdiqazaqstan