Смотреть в Telegram
Kaspi Bank ұсынатын Kaspi Gold картасына шолу (жазба 07.12.2023 жаңартылды) Сіз күнделікті қолданатын Kaspi қолданбасының ыңғайлылығы туралы жазбай-ақ қойсақ та болады, сондықтан арна тақырыбы аясында тек негізгі артықшылықтарына тоқталып кетсек. • Туған күніңізде Kaspi Дүкеннен 10 000₸ басталатын сомаға сауда жасасаңыз, 3000Б беретін жеке, тиімді науқандары бар. • Сондай-ақ кейде Kaspi Дүкен арқылы Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс бергеніңіз үшін 3000Б беретін науқан болып тұрады. • Kaspi Дүкендегі тауар бағасы серіктес компанияның дүкеніндегі бағамен бірдей болуы мүмкін (соның ішінде Мечта, Технодом, Sulpak және т.б.). Оған қоса Kaspi Дүкеннен тапсырыс бергеніңіз үшін 5-10% бонус беруі мүмкін (науқан өтіп жатса). • Kaspi Жұма кезінде жылына 2 рет Kaspi Дүкеннен өз ақшаңызға (бөліп төлеу арқылы емес) жасалған барлық сауда үшін 10% бонус береді. Kaspi Жұма кезінде барлық сатушылар бағаны көтермейтінін есте ұстаңыз, сондықтан бұл тиімді. • Kaspi Pay — бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайлы әрі тиімді қосымша (мына жазбада салыстыру жасағанбыз) • Kaspi Дүкен арқылы дәрі-дәрмекке тапсырыс беру өте ыңғайлы (5000₸ басталатын тапсырыстар үшін 3 сағат ішінде тегін жеткізу бар) • Жөргектерді де Kaspi Дүкеннен тапсырыс берген тиімді. Kaspi-дегі бонустар QR арқылы төлем жасағанда немесе Kaspi Дүкеннен тауарды алғаннан кейін бірден есептеледі. Бонустарды қосымшадағы төлемдер бөлімінде, QR арқылы төлеу кезінде және Kaspi Дүкенде жұмсауға болады. QR бойынша бонустардың максималды саны — 30 000Б, Kaspi Дүкен мен Kaspi Travel-де — 500 000Б. Білу маңызды ақпарат: банк клиенттің туған күніндегі Kaspi Дүкендегі 10 000₸ басталатын сауда кезінде 3000Б беретін науқанды кез келген төлем әдісі бойынша ұсынады: Kaspi Gold, Kaspi Red, бөліп төлеу немесе несие. Егер туған күн қарсаңындағы науқан кезінде басқа науқан да өтіп жатса, олар бір-біріне қосылады. Алматы мен Астана тұрғындары үшін: Kaspi Дүкенде Magnum-нан 10 000₸ басталатын сомаға азық-түлікке тапсырыс беріп, 3000Б ала аласыздар (кейбір заттар болмай қалып жатса, сома 10 000₸ жоғары болатындай етіп, артығымен алыңыз). Білу маңызды ақпарат 2: егер сіз Kaspi Дүкеннен ірі сауда жасап, ол үшін қомақты бонус алсаңыз, оларды жұмсап тастап, сосын тауарды қайтарып берсеңіз, асыра пайдаланғаныңыз үшін сізді бонус жүйесінен мәңгілікке өшіріп тастайды. Комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде (№1, 4, 10 әдістерді қараңыз)|Біздің қосымшаға жасаған бейне шолуымыз 👉 сілтемеде | Карталар бойынша әдістемеміз 👉 сілтемеде
Telegram Center
Telegram Center
Канал