Jusan Pay картасына шолу (жазба 04.04.2024 жаңартылды)
Негізгі ерекшеліктері:
1) Ай сайын өз бетіңізше таңдауға болатын тұрақты жоғарылатылған кешбэк санаттары бар (1-ден 4 санатқа дейін):
• Онлайн кино мен музыка – 15% (Netflix, Kinopoisk, Яндекс Музыка, Megogo, ivi, Spotify, сондай-ақ Яндекс Плюс)
• Такси – 7%
• Саяхат – 5% (барлық авиакомпаниялар, туристік агенттіктер мен пойыз билеттері)
• Киім мен аяқ киім – 3%
• Медициналық қызметтер – 5% (тіс дәрігерлері, ауруханалар, медициналық орталықтар, емханалар мен зертханалар)
• Білім беру – 5% (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер, университеттер мен білім беру мекемелері).
• Жиһаз – 5% (жиһаз бен тұрмыстық керек-жарақ дүкендері)
• Кафе мен мейрамханалар – 3% (физикалық тамақтану орындары, нүктелері)
• Тамақ жеткізу – 5%.
• Балаларға арналған тауарлар – 5% (Детский Мирді қоса отырып)
• Үй жануарлары – 5%.
• Фитнес пен SPA – 5%.
• Сұлулық салондары мен косметика – 5% (барлық сұлулық салондарында, парфюмерия дүкендері мен шаштараздарда)
• Ойын қызметтері – 10% (барлық мобильді қосымшаларда, онлайн ойын мен цифрлық дүкендерде, соның ішінде Steam)
2) Тегін байланыс пен интернет. Карта арқылы айына 50 мың ₸ басталатын сомаға төлем жасасаңыз, Jusan Mobile ұсынатын Freemium пакетін тегін пайдалана аласыз — айына 120 минут пен 12 ГБ пакеті бар ұялы байланыс. Ұялы байланыс операторларында мұндай пакеттер 3000₸ басталады.
3) Jusan дүкенде бөліп төлеу арқылы сатып алу кезінде 15%-ға дейінгі бонус беріледі. Толығырақ
сілтемеде.
4) Қосымшада Jusan Garant ОГПО сақтандыруын рәсімдеу кезінде 25% бонус беріледі. Оларды ескерсек, автосақтандыру бойынша ең төменгі бағалардың бірі шығады. Есептеулер
сілтемеде.
5) Мультивалюталылық: ₸, $, €, ₽ (шетелде төлеу үшін). Сондай-ақ аталмыш карта — Mastercard.
Кешбэк пен бонустар бойынша шарттар. Сіздің карта бойынша жұмсайтын бір ай ішіндегі шығыныңызға байланысты үш деңгей бар.
Silver (30 мың ₸ дейін шығын) — негізгі кешбэк 0,5%, осы жазбаның 1-тармағындағы жоғарылатылған кешбэктің бір санатын таңдауға болады.
Gold (70 мың ₸ басталатын шығындар) — негізгі кешбэк 1%, жоғарылатылған кешбэктің 2 санаты қолжетімді.
Premium (120 000 мың ₸ басталатын шығындар, + банкте 500 000 ₸ басталатын депозитіңіз болуы керек) — барлық сауда бойынша 2% негізгі кешбэк, таңдауыңыз бойынша жоғарылатылған кешбэктің 4 санаты. QR арқылы төлем кезінде тек негізгі бонус есептеледі; санаттар бойынша бонус тек физикалық карта немесе NFC арқылы төлем кезінде беріледі. Бонустар бірнеше себептер бойынша жойылуы мүмкін, мысалы: соңғы алты айда бонустық шот бойынша транзакция болмаса, барлық себептер
23-тармақта көрсетілген.
Кешбэк төлем жасалғаннан кейін 3-4 күн ішінде түседі. Шектеу — бір транзакция үшін 10 мың бонустан аспайды. Күнтізбелік айдағы бонустардың максималды саны бонус деңгейіне байланысты: Silver — 15 000, Gold & Family — 25 000, Premium — 45 000. Бонустарды сауданы толығымен төлей отырып, «Төлемдер» бөлімінде немесе Jusan дүкенінде жұмсауға болады.
Қандай карта ашқан дұрыс? Виртуалды карта толығымен тегін
және Jusan қосымшасында шығарылады. Пластик нұсқасын бөлімшелерге барып ашу керек, қызмет көрсетуі бірінші жылы тегін, кейін айына 200₸.
Комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулық
👉 сілтемеде (2,4,5,6,10,11 әдістерді қараңыз)| Карталар бойынша әдістемеміз
👉 сілтемеде |
Қосымшаға бейнешолу
сілтемеде |
Бонустарды қалай аударып алуға болады?
Аталмыш картаны пайдаланатын оқырмандарымыздан
🔥 |
https://t.center/tiimdiqazaqstan