Смотреть в Telegram
Ақылы медициналық қызметтер үшін қалай жоғарылатылған кешбэк алуға болады (стоматология, ақылы босану, көру қабілетін қалпына келтіру? Мұндай қызметтер үшін де кешбэк алуға болатынын көп адамдар біле бермейді. Сіздермен тиімді алгоритммен бөліспекпіз👇Егер төлем екі кезеңнен тұрса: бірінші бөлігін Simply картасымен Apple/Samsung/Google Pay арқылы төлеп, 3% кешбэк аламыз. Картаның айлық лимиті - 30 000Б. Яғни, 1 млн ₸ төлесеңіз, максималды түрде бонус аласыз. Содан кейін Simply қосымшасындағы төлем деректерінен медициналық мекеменің MCC кодын қараймыз (мысал скриншотта көрсетілген). Егер код мына сандармен сәйкес келсе, төлемнің екінші жартысын Jusan Pay картасымен жасаймыз. Бірақ төлем жасар алдында міндетті түрде Jusan қосымшасында «Медициналық қызметтер» категориясын іске қосыңыз. Сонда сізге 5% кешбэк есептеледі, бір транзакция үшін максималды бонус саны - 10 000Б. Яғни, 200 000₸ төлесеңіз, осы мөлшерде бонус түседі. Егер қаражаттың қалған бөлігі бұл сомадан көп болса, кассада төлемді бөліп төлей аласыз, себебі айына 35 000Б алуға болады. • Егер барлық соманы бірден төлеу қажет болса, Simply картасын пайдаланыңыз. Тағы бір әдісі - РБК картасы арқылы. Егер сіз аталмыш картаға 50 000₸ жіберсеңіз, ал қаражат картада толық 10 күн жатса, онда Apple/Samsung/Google Pay арқылы төлеген кезде 3,5% кешбэк беріледі. Айлық шегі - 20 000Б. Бір транзакция үшін шектеулер жоқ. Тізімдегі карталардың виртуалды нұсқаларын ашу керек (банк қосымшаларында онлайн режимде жасауға болады), сонда олардың қызметі толықтай тегін болады. Карталарға жасаған шолуымызды сілтемелерден оқи аласыз: Simply | Jusan | РБК. Оларды комиссиясыз толтыру әдістері жайлы нұсқаулық жазбалардың соңында көрсетілген. https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Канал