Смотреть в Telegram
Тұрақтылық [стабильность]. Бізді қоршап жатқан барлық зат тұрақтылық заңына бағынады. Тұрақтылық заңына бағыну деген - ол өзінің тіршілігіне, не болуына қосымша энергия қажет етпейтін күй [состояние]. Мысалы: Химияда - тұрақсыз элементтер ыдырай бастайды. Өйткені дисбаланс қоздырып тұрған жетіспейтін/немесе артық бөлшек өз кейпін өзгертіп тұрақты қалпына келгісі келеді. Мысалы кейбір элементтердің радиоактивті изотоптары. Өмірде - отбасының ішінде әртүрлі себеппен тұрақсыздық пайда болса. Ол отбасының элементтері, яғни мүшелері, өзінің кейпін өзгертпесе, тұрақсыздық, ол отбасыны ыдыратып тастайды. Демек ол отбасы өзінің мүшелерінің ішкі энергиясын жұмсайды немесе сырттан энергия қажет етеді деген сөз. Бизнесте - бизнес тұрақсыз болған кезде оның элементтерінің конфликті бар деген сөз. Көбінесе ол мына екі элементтің қатынасы: капитал және адамдар. Мықты капиталы бар бизнесті осал адамдар басқарса, фирма ыдырайды деген сөз. Оның тұрақты қалпы ыдырау деген сөз. Оны өзгеріссіз сол кейпінде ұстау қосалқы энергия қажет етеді. Бизнесте ол ақша. Аз капитал бірақ мықты адамдар басқаратын фирма, өседі деген сөз, өйткені ондай элементтердің тұрақты жағдайы ол жетістік. Мысалдарым тым примитивті шығар, бірақ ойымды жеткізе алдым деп ойлаймын. #ойым
Telegram Center
Telegram Center
Канал