Азаптау мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетіктері талқыланды◾️ Сот әкімшілігі Орталық Азиядағы қылмыстық сот төрелігі жөніндегі IX сарапшылық форумы аясында азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ жаңартылған Стамбул хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкес оларды оңалту тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
◾️ Іс-шараға Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев модераторлық етті.
◾️Іс-шараның мақсаты: Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-шаралар жоспарының 21-тармағын іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрлігімен, Бас прокуратурамен және Қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын Сот әкімшілігі әзірлеген ұсыныстарды талқылау (ҚР Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №409 Жарлығымен бекітілген).
◾️ Дөңгелек үстел жұмысына Орталық Азия елдерінің жоғарғы соттарының судьялары, мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия елдерінің ғалымдары, сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ Адам құықтары жөніндегі ЖКБ, БҰҰ ЕҚКБ, БҰҰ ДБ, ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі тәрізді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
◾️ Іс-шараның барлық қатысушылары азаптаулар мен қатыгездік құрбандарына келтірілген зиянды өтеу тетігін жетілдірудің маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді, бұл барынша назар аударуды және қажетті шараларды әзірлеуді талап етеді.
◾️ Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мүдделі тараптардан түскен ұсынымдарды ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы жаңартылған Стамбул хаттамасының және БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстар қабылданды.