Қазақстан мен Өзбекстан жолаушылар тасымалын дамытуда ынтымақтастықты нығайтуда🚆
📍 Астанада «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ басшылығының жұмыс кездесуі өтті. Екі ел арасындағы жолаушылар тасымалын дамыту және әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды.
✍️ Келіссөздер нәтижесінде туристік пойыздардың қозғалысы туралы келісімге қол қойылып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жұмыс тобы құрылды. Алғашқы қадам ретінде «Jibek Joly» туристік пойызы іске қосылды.
🌍 Тараптар жаңа халықаралық бағыттарды ашу мүмкіндігін қарастырды. Олардың ішінде ерекше назар «Астана-Самарқанд» маршрутына аударылды.
🕒 Өзбекстан тарапының ұсынысымен №1/2 «Алматы-Ташкент» пойызының қозғалыс кестесі қайта қаралып, уақыт жолаушыларға қолайлы етілді.
🚉 №1/2 «Алматы-Ташкент» пойызы өткен жылы 72 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады, бұл маршруттың жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. Екі ел арасындағы қашықтық 988 км құрайды.
➖➖➖
Казахстан и Узбекистан укрепляют сотрудничество в сфере пассажирских перевозок 🚆
📍 В Астане состоялась рабочая встреча руководства АО «Пассажирские перевозки» и АО «Узбекистон темир йуллари», на которой обсудили вопросы развития пассажирских перевозок и укрепления партнерства между двумя странами.
✍️ По итогам переговоров было подписано соглашение о курсировании туристических поездов и создана рабочая группа для реализации совместных проектов. Одним из первых шагов стал запуск туристического поезда «Jibek Joly».
🌍 Стороны также рассмотрели возможность открытия новых международных маршрутов, включая «Астана-Самарканд», который станет важным шагом в развитии туристического потенциала.
🕒 По предложению узбекской стороны был пересмотрен график движения поезда №1/2 «Алматы-Ташкент», что сделало время отправления и прибытия более удобным для пассажиров.
🚉 Поезд №1/2 «Алматы-Ташкент» за прошлый год перевез более 72 тысяч пассажиров, что подчеркивает высокий интерес к маршруту. Протяженность маршрута между странами составляет 988 км.
🔺Алматы магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымын дамыту
🛤️Достық-Мойынты екінші жолдарының құрылысы шеңберінде №19 – Бескөл разъезі учаскесінде СОБ және байланыстың жаңа құрылғыларын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру 2025 жылдың ақпан айына жоспарланған.
🔹Бұған дейін Достық станциясында отандық өндірістің МПЦ-QZ микропроцессорлық жүйесі енгізілген болатын. ҚТЖ тарихында бұл ірі станцияда жаңа микропроцессорлық жүйенің алғашқы енгізілуі. Жаңа MПЦ - QZ жүйесі станцияның өткізу қабілетін арттырады және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Белгі беру және байланыс шаруашылығы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында МПЦ-QZ құрылғыларын тұрақты пайдалануға беру бойынша жұмыс жоспарланған бес күннің орнына 3,5 тәулікте аяқталды.
🔘Бұдан басқа, Алматы магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымын дамыту шеңберінде Алтынкөл станциясында ұзындығы 5,387 км 6 станциялық жол төселіп, темірбетон негізде 16 жаңа бағыттамалық бұрма төселді. ➖➖➖ 🔺Развитие инфраструктуры Алматинского отделения магистральной сети
🛤️В рамках строительства вторых путей Достык–Мойынты на участке разъезд №19 – Бесколь ведутся работы по монтажу новых устройств СЦБ и связи. Внедрение в эксплуатацию запланировано на февраль 2025 года.
🔹Ранее на станции Достык была внедрена микропроцессорная система МПЦ-QZ отечественного производства. В истории КТЖ это первое внедрение новой микропроцессорной системы на крупной станции. Новая система МПЦ-QZ увеличит пропускную способность станции и обеспечит повышение уровня безопасности движения поездов. Благодаря слаженной работе работников хозяйства сигнализации и связи работа по вводу устройств МПЦ-QZ в постоянную эксплуатацию была завершена за 3,5 суток, вместо пяти запланированных.
🔘Кроме того, в рамках развития инфраструктуры Алматинского отделения магистральной сети на станции Алтынколь произведена укладка 6 станционных путей протяженностью 5,387км, уложено 16 новых стрелочных переводов на железобетонном основании.
🌾2024 жылы 10 млн тоннадан астам астық теміржол көлігімен тасымалданды
☑️2024 жылы ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдаудың жалпы көлемі 10,6 млн тоннаны құрады. Ішкі тасымалдар 13% артып, 2,5 млн тоннадан асты, ал экспорт 8,1 млн тоннаны құрады. Өткен жылы астық тасымалы Орталық Азия елдеріне: Тәжікстанға — 20%, Қырғызстанға — 92%, Әзірбайжанға 86% өсті. Иранға астық тиеу екі есеге ұлғайды.
🔹Ұнтақ өнімдерін тасымалдау да оң динамиканы көрсетті. 2024 жылы тасымалдау көлемі 3,2 млн тоннаны құраса, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2% артық. Ұнтақ өнімдерінің экспорты 3% артып, 2,3 млн тоннаға жетті. Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне ұнтақ өнімдерінің экспорты өсуде, мұнда 4%, 5% және 41% айтарлықтай өсім байқалуда. Қытай қазақстандық ұнтақ өнімдерінің импортын 34% арттырды.
🔺ҚТЖ жеткізудің барлық кезеңдерін бақылай отырып, астық және ұнтақ өнімдерін тасымалдау логистикасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Астық және ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау ерекше бақылауда. Тасымалдардың үздіксіздігін және уақытылығын бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуде тасымалдауды үйлестіру үшін жедел астық штабы күнделікті жұмыс істейді. ➖➖➖ 🌾Свыше 10 млн тонн зерна перевезено ж/д транспортом в 2024 году
☑️В 2024 году общий объем перевозок зерна по сети КТЖ составил 10,6 млн тонн. Внутренние перевозки увеличились на 13% и превысили 2,5 млн тонн, а экспорт составил 8,1 млн тонн. В прошлом году возросли перевозки зерна в страны Центральной Азии: в Таджикистан — на 20%, в Кыргызстан — на 92%, в Азербайджан — на 86%. Погрузка зерна в Иран увеличилась в два раза.
🔹Перевозки продуктов перемола также показали положительную динамику. В 2024 году объем перевозок составил 3,2 млн тонн, что на 2% больше по сравнению с 2023 годом. Экспорт продуктов перемола увеличился на 3% и достиг 2,3 млн тонн. Растет экспорт продуктов перемола в страны Центральной Азии, включая Таджикистан, Туркменистан и Кыргызстан, где наблюдается значительный рост — 4%, 5% и 41% соответственно. Китай увеличил импорт казахстанских продуктов перемола на 34%.
🔺КТЖ активно работает над улучшением логистики перевозок зерна и продуктов перемола, контролируя все этапы их доставки. Перевозка социально значимых грузов, таких как зерно и продукты перемола, находится на особом контроле. Для координации перевозок функционирует оперативный зерновой штаб, который ежедневно отслеживает и контролирует перевозки, обеспечивая их бесперебойность и своевременность.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның вагон паркі Петропавл қаласындағы отандық зауытта өндірілген 50 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылды. Заманауи вагондар №31/32 «Павлодар-Алматы» бағыты бойынша қатынап, жолаушыларға жоғары деңгейдегі қолайлы әрі жетілдірілген сапар жағдайларын ұсынады. Пойыз құрамына 10 вагон кіреді, оның ішінде 3 купе және 7 плацкарт вагондары бар. Жалпы бір бағытта 400-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
✨ Жаңа вагондардың ерекшеліктері: • Эргономикалық жатын орындар • Жеке жарықдиодты шамдар • Мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған USB порттар мен розеткалар • Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы купелер
Жаңа вагондар халықаралық стандарттарға сай жасалған және пайдалану мерзімі 40 жылға дейін! 🔧
Жайлы сапарды таңдаңыз және Қазақстан бойынша саяхатыңызды одан да қолайлы етіңіз! 🌟
➖➖➖
🚆 Новые вагоны – больше комфорта для пассажиров!
Парк АО «Пассажирские перевозки» пополнился 50 новыми пассажирскими вагонами, произведенными на казахстанском заводе в Петропавловске. Современные вагоны начали курсировать по маршруту №31/32 «Павлодар-Алматы», обеспечив пассажиров комфортом и улучшенными условиями перевозки. В составе поезда 10 вагонов, включая 3 купейных и 7 плацкартных, рассчитанных на перевозку более 400 человек в одну сторону.
✨ Особенности новых вагонов: • Эргономичные спальные места • Индивидуальные светодиодные светильники • USB-порты и розетки для зарядки гаджетов • Специальные купе и места для пассажиров с ограниченными возможностями
🚉 Маршрут и расписание: • Павлодар → Алматы: отправление в 09:00, прибытие в 11:44 (на следующий день) • Алматы → Павлодар: отправление в 15:20, прибытие в 18:02 (на следующий день)
🔧 Срок службы вагонов – до 40 лет! Обновление парка продолжается: новые вагоны также курсируют по маршрутам «Актобе-Атырау», «Павлодар-Туркестан» и «Кызылорда-Семей».
Выбирайте комфорт и современный сервис для ваших поездок по Казахстану! 🌟