Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады🔵Әңгімелесу барысында әлемдегі мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен доктриналары талқыланды.
❗️Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тұрақты сараптамалық қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтіп, айтылған ұсыныстар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.ℹ️@qazaqparat_kz