View in Telegram
Азат Перуашев
Photo
Ақ пен қараны айыра білейік Екі айға созылған даудан кейін Әділет министрлігі заңды кәсіпорындарға ұйымдасқан қылмыстық топтардың белгілерін қолданбауға келісті. Кеше «Ақ жол» демпартиясының орталық кеңсесінде қылмыстық заңнамаға енгізілген түзетуімізді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.  Отырыс мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің, заңгерлер қауымдастығы өкілдерінің, филиалдар мен өңірлердегі мәслихат депутаттарының қатысуымен бейнеконференция режимінде өтті. «Ақ жол» фракциясы депутаттарының аталмыш заң жобасына қатысты бірқатар ұсынысты (барлығы 60-қа жуық) жұмыс тобында қызу пікірталас тудырғаны белгілі. Атап айтқанда, бұл Қылмыстық кодекстің 31-ші және 262-бабына және Қылмыстық-процессуалды кодексінің 113-бабына енген өзгеріске қатысты, онда біз тергеу органдарына ресми жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметтік міндетін бөлуді ұйымдасқан қылмыстық топтың «белгілері» ретінде қарастыруға тыйым салуды ұсындық. «Ақ жол» демпартиясы құқық бұзушылық орын алған жағдайда тергеу органдары бұзушылықтың нақты құрамын жан-жақты зерделеп, дәлелдеуге міндетті деп санайды. Оның орнына, кейінгі жылдары нақты дәлелдемелік базасыз тергеу оны «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген айыппен алмастыратын тәжірибе кең етек алды, яғни, күштік құрылымдар «дәлел» ретінде бизнестің ұйымдық құрылымы шеңберінде функционалдық өкілеттіктерді бөлуді нақты фактілерге телиді. Ал ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның әрекеті ауыр қылмыс (8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі) болғандықтан, мұндай айып кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерін көп айға, тіпті бірнеше жылға қамауға алуға мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде моральдық және физикалық қысымға ұшыраған қызметкерлер отбасына және қалыпты өмірге оралу үшін кез келген айғақтарды беріп, Кеннедидің өлімі мен "Титаниктің" суға батуына дейінгі кез келген қылмысты мойындайды. Жалғасы сілтеме бойынша: https://akzhol.kz/kk/blog/a-pen-aran-ajra-blejk
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily