View in Telegram
Темір жолдарды жөндеу жұмыстары 96% аяқталды 🔵Осы маусымда темір жол көлігімен тасымалдау сапасын арттыру мақсатында 1400 шақырымға жуық темір жол жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 1352 шақырым жол жөнделіп, 96% жұмыс аяқталды. Бұл туралы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады. 🔵Мәселен, еліміздің барлық өңірлерін қамтитын жұмыстардың басым бөлігі мына учаскелерде жасалды: Ақтоғай-Семей-Алтай (153 ш/қ); Шу-Қандыағаш (266 ш/қ); Қандыағаш-Ақсарай (138 ш/қ); Астана-Алматы (260 ш/қ); Алматы-Павлодар (106 ш/қ); Жаңа-Есіл-Көкшетау 161 шақырым және т.б. 🔵Жалпы, темір жолдардың 569 шақырымы күрделі жөндеумен, 181 шақырымы кешенді жөндеумен және 602 шақырым жоспарлы - алдын ала жөндеумен қамтылды. Елдің солтүстігінде маусым аяқталды, оңтүстік өңірлердің жұмысы әлі де жүргізілуде. 2025 жылы тағы 1480 шақырым теміржолды жөндеу жоспарлануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily