85 тонна артық жүк: Жамбыл облысында салмақ бақылау тәртібін бұзушыға айыппұл салынды🔵Көлік министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ауыр салмақты жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын «М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеді. Өлшеу нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда көлікке тиелген артық жүк мөлшері 85 тоннаны көрсетті. Осылайша, ел бюджетіне түсетін қосымша қаражат 26 млн 850 мың теңгені құрады.
🔵«ҰССО» АҚ геодезисті мен мамандары өлшеу рәсімінде қолданылған таразы жабдығы мен алаңға қойылатын талаптардың сәйкестігін растады. Ауыр жүкті өлшеу тасымалдаушы «М нефтьСервис» ЖШС директорының және Бас көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.
✔️Көліктік бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама толтырылды:
*️⃣1) арнайы рұқсаттағы салмақ параметрлері 85 тоннаға асқаны;
*️⃣2) жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін бұзуы;
*️⃣3) лауазымды адамдарға жұмыс барысында кедергі жасау;
*️⃣4) халықаралық тасымалдауға рұқсат картасының болмауы.
Бұған дейін бұл тасымалдаушы өлшеу рәсімінен бас тартып, БАҚ арқылы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратты.
❗️Естеріңізге сала кетейік, көлік құралдарының салмағын дер кезінде өлшемеу жолдың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі.
🚚Көлік министрлігі ауыр жүк көліктеріне көліктік бақылауды күшейтеді. Барлық жүк тасымалдаушыларды көлік заңнамасының талаптарын қатаң сақтап, салмақтық және габариттік параметрлерді нормадан асырмауға шақырамыз.