"Махмұд ағаммен арманымыз бір": бокстан әлем чемпионы ауылындағы үлкен мәселені көтерді
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан өзі туып-өскен ауылында спорт мектебін салуды армандайтынын айтты.
"Махмұд ағаммен арманымыз бір. Ауылымызға заманауи, барлық құрал-жабдығы бар, бірнеше рингтен тұратын спорт мектебін салуды армандаймыз. Біздің ауылымызда спортқа қызығатын бала өте көп. Ауылымыздағы үш мектепте спортпен шұғылданатын балалар жетерлік. Спортзал балаға лық толы. Бір спортзалдың өзінде 80 бала жүреді. Кейбір балалар бокспен айналысқысы келеді, бірақ олар түрлі себептерге байланысты қолғап, спорт формасы секілді қажетті заттарды ала алмай жатады. Кейін спорт мектебін ашатын болсақ, ауыл балаларын осындай қажетті жарақтармен қамтамасыз еткіміз келеді", - деді Төрехан Сабырхан.
Толығырақ
сайтымыздан оқи аласыз.
https://t.center/kaznurkz