Ағымдағы апта өте қарқынды өтті, сондықтан оқырмандарға ең өзекті және маңызды жаңалықтарды еске салғымыз келеді:
Дүйсенбіде біз қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерді Ресейден Қазақстанға экстрадициялау туралы айттық:
✅ https://t.center/GenPr/4922
Сондай-ақ, дүйсенбіде Сіз Жамбыл облысының прокурорлары алаяқтар желісіне түсіп, пәтерінен айрылған мүгедектігі бар адамның құқығын қалпына келтіре алғаны туралы жаңалықты жіберіп алған боларсыз:
✅ https://t.center/GenPr/4924
Сейсенбіде Ұлытау облысының прокурорлары азаматтардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін атмосфералық ауа мониторингі бойынша жұмыстардың қалай күшейтілетінін айтты:
✅ https://t.center/GenPr/4939
Сол күні Ақмола облысының прокурорлары су тасқынына қарсы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын және оларды бақылау туралы хабарлады:
✅ https://t.center/GenPr/4941
Сәрсенбіде Алматы прокурорлары «Қаңтар оқиғалары» кезінде азаптағаны үшін полиция қызметкерлеріне қатысты үкім туралы хабарлады. Қылмыстық істі біздің арнайы прокурорлар тергеді:
✅ https://t.center/GenPr/4961
Бейсенбіде Ақмола прокурорлары полиция қызметкерлерінің ауыр қылмысты жасырғаны туралы хабар берді. Прокурорлар кәсіпкердің құқығын қорғай алды:
✅ https://t.center/GenPr/4976
Ал БҚО-да прокурорлар мемлекетке жер учаскелерін қайтаруды жалғастыруда, олар енді мұқтаждар арасында қайта бөлінетін болады:
✅ https://t.center/GenPr/4979
Апта соңында Абай облысының прокурорлары «Семей орманы» мекемесінде жалған дипломдармен қызмет жасағандарды анықтады:
✅ https://t.center/GenPr/4983
Бас көлік прокуратурасы есірткіні насихаттайтын әлеуметтік желілерде 80-ден астам парақшаның бұғатталғаны туралы хабарлады:
✅ https://t.center/GenPr/4988
Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграмм-арнасынан, ресми сайтынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден бақылаңыз:
📱 https://t.center/GenPr
Facebook |
Instagram |
YouTube |
Сайт ГП