Пішөнға арналған мүсін дайын. Бірақ ол мүсіншінің үйінде (шеберханасында) қалатын сияқты.
Buzyq мүсіншімен сөйлесті. Азамат Кенжеғалиевтің айтуынша, әкімдік «Халықтың жүрегін лүпілдеткен Пішөнді» Атырауда қойғысы келмейді. Тегін берем десе де. Тек Махамбет ауылында ғана (Пішөннің туған жерінде) орын беруге дайын — бұл шешімнің мүсіншіге ұнамағаны айқын. Арт нысанымды адамдар көрсін, естелік болсын деп жасадым дейді. Бұндай қарым-қатынасты оның өнеріне және Пішөннің атқарған рөліне менсінбеушілік ретінде қабылдайды. Сондықтан, мүсінді өз қасында қалдырмақ.