View in Telegram
⚡️ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/M3MHWVkwrNLu1g _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily