⚡️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік тәжірибесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды жалғастыруда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде қолданылатын алдын алу шаралары қылмыстық жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға мүмкіндік береді.
2023 жылдан бастап «Бизнеске жол» жобасы аясында мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерді жоюда кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі.
Жоба іске қосылғаннан бері 49 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалып, шамамен 800 мәселе шешілді.
Биыл 179 іс бойынша 20 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды және оларға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын әкімшілік заңнама аясында қорғау бойынша да жұмыс жүргізілуде.
Мысалы, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі бойынша Астана қаласы Байқоңыр ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары жауапкершілікке тартылды.
Аталған тұлға кәсіпкерге қатысты заңсыз салық актісін шығарып, шот-фактураларды жазуға шектеу қойып, оның қызметін тоқтатуға мәжбүрлеген. Нәтижесінде сот құқық бұзушыға 258 440 теңге көлемінде айыппұл салды.
Жалпы, биылғы жылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 26 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және бақылауда.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/4rxM2LXksN-zyg
_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.