▪️Талап қоюшы 2008 жылдан бастап «толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұрды. Тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы хаттамалық шешімімен талап қоюшы оған тұрғын үй берілуіне байланысты кезектен шығарылды.
▪️Талап қоюшы бұл шешімге сот тәртібімен қарсы шықты. Соттың талап қою мерзімі қалпына келтірілді.
▪️Сот отырысында талап қоюшының әкесі 1998 жылдан бастап бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар санаты бойынша кезекте тұрғаны анықталды.
▪️Отбасы алты адамнан тұрды, оның ішінде талап қоюшы отбасы мүшесі ретінде тізімге алынды.
▪️2003 жылы 21 шілдеде талап қоюшының әкесі қайтыс болды, оның отбасы мүшелері баспана алу кезегін сақтап қалды. Тұрғын үй комиссиясының 2011 жылғы 11 сәуірдегі хаттамалық шешімімен бес адамнан тұратын отбасына жалпы ауданы 40 шаршы метр тұрғын үй берілді.
▪️Бұл пәтерде талап қоюшының анасы мен інісі осбасымен бірге тұрды, талап қоюшы ол жерде тұрмады.
▪️Талап қоюшыны есепке қою және есептен шығару кезінде аталған тұрғын үй тіркелмегендігін, сондай-ақ қандай да жылжымайтын мүліктің жоқтығын ескере отырып, сол талапты қанағаттандыру туралы қорытындыға келді.
▪️Сот тұрғын үй комиссиясының талап қоюшыны тұрғын үйге мұқтаждарды есептен шығару туралы хаттамалық шешімін заңсыз деп таныды және жауапкерді міндеттеді.
▪️Сот шешімі заңды күшіне енді.
🖊️Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі