◾️ 2022 жылы ақтөбелік ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен.
◾️ Олардың бір жасар баласының тұрғылықты жері анасымен бірге екені анықталды, оның пайдасына баланың әкесінен бала кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді.
◾️ Сот орындаушысы жауапкердің жалақысынан айына 30 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алды.
◾️ Баланың анасы жауапкердің отбасының кәсіпкерлік қызметі туралы біліп, алимент мөлшерін азайту мақсатында оның табысын әдейі төмендетіп отыр деп есептеген.
◾️ Осыған байланысты ол сотқа жауапкердің табысына барабар алимент өндірудің бастапқы тәртібін үлеспен де, тұрақты ақшалай сомада да алимент өндіруге ауыстыру туралы талап қоюмен жүгінген.
◾️ Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі зерттей келе, жауапкер ата-анасының меншігіндегі дәріханада 120 мың теңге жалақымен ресми түрде жұмыс істейтінін анықтады.
◾️ Алайда 2022 жылдан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін оның банктік шоттарына 7 миллионнан астам теңге түсіп, шоттардағы максималды қалдық 512,7 миллион теңгеге жеткен.
◾️ Жауапкер бұл қаражат ата-анасына тиесілі екенін алға тартқан, бірақ сотқа өзінің сөзін дәлелдейтін айғақ ұсынбаған.
◾️ Сонымен қатар, жауапкердің атына екі автокөлік тіркелген, бұл да кірісті жасыру мүмкіндігін көрсетеді.
◾️ Сот жауапкердің тұрақты табысының және қосымша табысының дәлелдемелерінің бар екендігін, бұл да алименттерді есептеу кезінде ескерілуі қажеттігін атап өтті.
◾️ Сот кәмелетке толмаған баланың мүддесін ескере отырып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына ай сайынғы табысының ¼ бөлігі мөлшерінде ғана емес, сонымен бірге тұрақты ақшалай сомада – 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім қабылдады.
◾️ Соттың шешімі заңды күшіне енді.
https://t.center/aktobesot