View in Telegram
▪️Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, көлік құралының алдынғы бөлігіне қызыл және көк түсті жарығы бар жарық аспаптарын, көлік құралын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнатып басқару бойынша кәмелетке толмаған А. – ға қатысты істі қарады (ҚР ӘҚБтК 603-бабы 1-бөлігі). ▪️Сот қаулысымен кәмелетке толмаған А.-ға қатысты іс ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты төмендегідей мән-жайлар бойынша тоқтатылды. ▪️ӘҚБтК-нің 603-бабы 1-бөлігінің санкциясында көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату, көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес АЕК айыппұл жазасы көзделген. ▪️Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, кәмелетке толмаған А. 05.01.2025 күні, көлік құралының алдыңғы жағына қызыл және көк түсті жарық беретін құрылғыны орнатып басқарған. ▪️Кәмелетке толмаған А.-ның іс-әрекеттері лауазымды тұлғамен ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен саралануы қажет, өйткені арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату, 603-бабы 2-бөлігімен жауаптылық қарастырылып, көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес АЕК айыппұл жазасы көзделген. ▪️ӘҚБтК-нің 829-14-бабы 4-бөлігіне сәйкес, жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына өзгертуге міндетті. ▪️Алайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе тұлғаның жағдайын өзге түрде нашарлататын заңның керi күшi болмайды деген ӘҚБтК-нің 5-бабы 2- бөлігін талаптарын ескеріп, құқықбұзушылық хаттамасы толтырған тұлғаның жағдайын нашарлатуға соттың құқығы жоқ. ▪️ӘҚБтК-нің 603-бабының 2-бөлігінің санкциясымен ҚР ӘҚБК-нің 603-бабының 1-бөлігінен гөрі қатаң жаза көзделгендіктен, кәмелетке толмаған А-ға қатысты іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, өйткені сот оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның жағдайын нашарлатуға құқылы емес. ▪️Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 🖊️Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily