🏛🏛🏛🏛 Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға ілтипат білдіріп, ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанда ауыр атлетиканы дамытуға үлес қосқаны үшін федерациялардың басшыларына ризашылығын білдірді.
✔️Президент елімізде спорттың осы түрі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Бүгінде 20 мыңнан астам отандасымыз ауыр атлетикамен жүйелі түрде айналысады.
✔️Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанда аталған спорт түрін ілгерілету үшін федерациялармен нәтижелі әрі тығыз қарым-қатынасты жандандыруға назар аударды.
✔️Мұхаммед Юсуф әл-Мана қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанда ауыр атлетика мектебі қалыптасқанын мәлімдеді. Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдері үшін өңірлік хаб құруға қажетті жағдай жасалғанына тоқталды.
✔️Ал
Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари еліміздің ауыр атлеттері Бахрейнде өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, Лос-Анджелес Олимпиадасының лицензиялық турнирін өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін жеткізді.
🎖Кездесу соңында Президент ауыр атлетиканы ілгерілетуге үлес қосқаны үшін Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
ℹ️ @qazaqparat_kz