✈️ Qazaq Air-ді сату: инвестор бірқатар міндетті орындайды
2024 жылғы 24 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» және «Central Asia Aviation Holdings Limited» ЖК мен «Kazasia Holdings Limited» ЖК арасында «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының талаптарын ұстана отырып, міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, оның ішінде «Qazaq Air» АҚ акцияларына қатысты сатып алу-сату шартына қол қойылды.
Бұл ретте, сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес, QAZAQ AIR акцияларын сатып алушылардың пайдасына беру алдын ала талаптар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. Сатып алу-сату шартының талаптарында инвестордың Boeing және Airbus (тар фюзеляжды немесе кең фюзеляжды) тобының 20 бортын 5 жыл ішінде (қосымша 2 жылға ұзарту мүмкіндігімен) жеткізу жөніндегі міндеттемелері көзделген.ℹ️@qazaqparat_kz