◾️ Жоғарғы Сот Д.Туктаровқа қатысты қылмыстық істі қарады.
◾️ Тергеу органдарымен Туктаровқа ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен айып тағылған. Қылмыстық қудалау органдарымен Туктаровқа жұдырығымен жәбірленушінің көз аймағына бірнеше рет соққы жасап, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген, соның салдарынан ол абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан деп айып тағылған.
◾️ Сот үкімімен Туктаров қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты ақталған.
◾️ Апелляциялық сот ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырған.
◾️ Қылмыстық іс кассациялық сатыға прокурордың наразылығымен келіп түскен.
◾️ Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, келесідей қорытындыға келген.
◾️ Туктаров сот тергеуі басталғаннан бастап біркелкі жауап берген. Жәбірленуші оның сыныптасы болып табылатынын, оқиға болған күні онымен арақ ішіп әңгімелесіп отырғандарын, кейін оларға тағы бір сыныптастары қосылғанын, үшеуі моншада ішімдік ішкендерін, жәбірленушімен ренжіспегенін, оны ұрмағанын, жәбірленуші далаға шыққанда мастықпен өзінің аяғына шалынып артқа қарай қатты құлағанын айтып жауап берген.
◾️ Туктаровтың сотқа дейінгі тергеп тексерудің басынан бастап сот тергеуінде берген айғақтары тұрақты болғандықтан, оның шындықты айтып отырғанына күмән келтіретін мән-жайлар анықталмаған.
◾️ Оқиға болған күні сотталушы және жәбірленушімен бірге болған куәдан жауап алынған. Ол үшеуі сыныптас екендерін, бір-бірімен жақсы араласатындарын, араларында ешуақытта ұрыс-жанжал болмағанын айтқан. Оқиға болған күні жәбірленуші көшеге мас күйінде шығып кеткен, куә Туктаровпен бірге оны машина қағып кетпес үшін үйіне апарып тастайық деп шешкен. Осы мақсатта ол жәбірленушіні мойнынан ұстап өзіне қарай бұру үшін қолынан ұстамақшы болғанда, ол қолын тартып қалып, сүрініп мастықпен шалқасынан құлап, есінен танып қалған. Олар дүкеннен су алып бетіне шашқан. Сол кезде екі әйел келіп, жәбірленушінің шалқасынан құлағанда басынан жарақат алуы мүмкін деп, оны қырымен жатқызып, оны қозғамауды айтқан, олар сол жерде жедел жәрдем шақырған.
◾️ Жәбірленушінің оқиға болған күні жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, оны нейрохирургия бөліміне жатқызып, оның бет әлпетінде тек маңдай жағында ісінуінен басқа ешқандай жарақаттың болмағаны медициналық құжаттарымен, ауру тарихымен,сондай-ақ Туктаровтың ұялы телефонына қарау жүргізу кезінде расталған, жәбірленушінің оқиға болған түні ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген кезде түскен фотосуретінен де байқалған.
◾️ Сонымен қатар, жәбірленушіні ауруханада көрген куәлердің, жәбірленуші өкілінің да айғақтарынан оның бетінде не көгерген, не қанталаған жарақаттардың болмағаны расталған.
◾️ Бейнекамераның жазбасына сәйкес, оқиға болған 2022 жылдың 20 тамызында сағат 21.52 шамасында жәбірленуші көшенің ортасында асфальт үстінде жаяу кетіп бара жатқан. Оның артынан куә барып, оң қолынан ұстап оны тоқтатып, сол қолымен оның мойнынан өзіне тартып жатқанда, ол өзінің оң қолын тартып қалып, екпінмен сол жерде өзінің аяғына өзі шалынып, тепе-теңдік ұстай алмай шалқасынан артқа қарай құлап, есінен танып қалғаны көрінеді. Бұл бейнежазбада жол шетінде өсімдіктердің өсіп тұрғанынан, жәбірленушінің асфальт үстіне қалай құлағаны, яғни құлаған кезде оның басы асфальтқа қалай соғылғаны нақты көрінбейтіні байқалады.
◾️ Қылмыстық іс бойынша Туктаров куәлердің қатысуымен тергеу сынағы барысында жәбірленушінің оқиға болған күні асфальт үстіне шалқасынан құлап жарақат алғанын көрсеткен.
◾️ Сот медициналық-криминалистикалық сараптамасының қорытындысына сай, жәбірленушінің дене жарақаты, тергеу сынағы барысында көрсеткен мән-жайда алыну мүмкіндігі жоққа шығарылмайтынын көрсеткен.
◾️ Жергілікті соттар Туктаровқа жәбірленушіге абайсызда оның өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін тағылған айыптар болжамға негізделген және оның осы қылмысты жасаудағы кінәсі дәлелденбеген деген дұрыс қорытындыға келген.
◾️ Осыған байланысты, Туктаровты ақтау жөніндегі сот актілері күшінде қалдырылды. Өзге адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін істі прокурорға жолдау туралы өзгеріс енгізілді.