View in Telegram
6001-24-00-3гп-492 ◾️ Серіктестік – Астана қаласының тұрғын үй кешендерінің біріндегі тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі көппәтерлі тұрғын үйдің үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерінің жалпы жиналысының шешіміне сотқа шағымдану кезінде тұрғын үй иелерінің жазбаша сауалнамасын жүргізу кезінде тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу фактісін келтірген. ◾️ Жалпы жиналыста кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын, оның ішінде тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үшін жарна сомасын бекіту туралы шешім қабылданған. ◾️ Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан. ◾️ Жоғарғы Сот сот актілерін кассациялық қарау кезінде бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының нормаларына қайшы келетін бірқатар елеулі мән-жайларды есепке алмағанын анықтады: - Заңның 42-1-бабының 1-тармағын бұза отырып, тұрғын емес үй-жайларға тарифті бекіту туралы шешімді меншік иелерінің көпшілігі іс жүзінде қолдамаған; - жазбаша сауалнама заңда белгіленген мерзімдерді бұза отырып, Заңның 42-2-бабының 3-тармағын сақтамай жүргізілген; - «Тарифті көтеру туралы» күн тәртібіндегі бірінші отырысқа дейін де, қайталама отырыстан кейін даулы хаттамалық шешім қабылданған. ◾️ Нәтижесінде істің нақты мән-жайлары бұрмаланып, Серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған. ◾️ Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы заңсыз сот актілерінің күшін жойды. ◾️ Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысының хаттамасы жарамсыз деп танылды.
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily