Ол өмірде кез келген нәрсені тек сыртынан ғана емес, ішкі жан дүниесін түсіне отырып бағалау керек екенін түсінді. Сезім оның өмірінде жаңа бір кезеңнің бастамасы болды. Солайша Сезімді қайта кездестірді Тима. Екеуі ұзақ әнгіме айтып бір бірін тани бастап жақын араласуды жөн көрді. Арада 1 жыл өтті, ал Тима мен Сезімнің қосылғандарына яғни жнргендеріне 7 ай болыпты
Тимур қала сыртындағы ауылға демалуға бара жатқанда, жолда ескі көлігін тоқтатып, тынығып алмақ болды. Сол кезде көлігінен шыққан бір қыздың көзіне түсіп, жүрегі біртүрлі толқып кетті. Қыз сымбатты, қарапайым, бірақ оның жүрегіне терең үңілетін бір тыныштық бар еді. Ол қыздың атын сұрағанда, ол қысқаша: – Менің атым Сезім, – деді, бірақ көздерінде жасырын бір сезім анық байқалды. Тимур оның есімінен-ақ таңқалды, бірақ одан да қызығы – оның ішкі әлемі болатын. Сезім сабырлы, әр сөзінде бір сыр бар сияқты көрінді. Олар бір-бірімен ұзақ әңгімелесіп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалды. Тимур Сезімнің өміріне толы қарапайым, бірақ терең әлеміне қызығып, оның жан дүниесін түсінгісі келді. Сезімнің айтқан әр сөзі мен қимылы Тимурға жаңа бір дүниені ашқандай әсер қалдырды. Бұл қыздың аты да, өзі де оның жүрегінде ұзақ сақталатын әсер қалдырды. Кейін, Тимур Сезімнің жанынан кетіп бара жатып, жүрегінде ерекше бір сезім қалғанын сезді.
Наз бен Алдик бір қалада тұратын екі жас. Бір күні олар кездейсоқ кафеде танысты. Наз достарымен әңгімелесіп отырған, Алдик болса жанына жайғасқан. Әңгіме басында тек қарапайым сұрақтар болды, бірақ Алдик Наздың көздеріндегі тереңдікті сезінді. Оның жүрегі біртүрлі сезімдерге толды. Келесі күні Алдик Назды кездестіріп, танысуға қадам жасады. Бірақ Наз бірден ашылып кете алмады, ол Алдик сыпайылығы мен көңілділігіне қызықса да, өз сезімдерін жасыруға тырысты. Әлі де сенімсіз еді. Бір аптадан кейін Алдик оны тағы да кездестіріп, өз сезімін ашық білдірді: «Мен сені шынымен жақсы көремін». Наз үнсіз тұрды, бірақ оның жүрегі біртүрлі сезімдерге толып кетті. Бірақ ол жауап беруге қорықты, себебі өткенде оның сеніміне зиян келген болатын. Уақыт өте бір бірін жақсы көретінін түсініп, бірге болуды шешті