6001-24-00-6ап/566 ◾️ 2019 жылдың наурыз айында сот бұйрығымен Семей қаласының тұрғынының пайдасына бұрынғы күйеуінен 9 жастағы баласын кәмелетке толғанша асырау үшін ай сайын жалақысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген.
◾️ 2022 жылдың сәуір айында сот орындаушысымен атқару өндірісі қозғалып, атқару шаралары қолданылып, 500 мың теңгеден астам қарыз анықталған.
◾️ Прокурор борышкердің банктік шоттарын бұғаттауға рұқсат берді, бір күннен кейін ЖСО заңды негізсіз және кредиторды ескертпестен оның күшін жойды.
◾️ Артынша борышкер алименттік міндеттемесін орындаудан жалтарып, 2023 жылдың маусым айында берешегі 890 мың теңгеден асып кеткен.
◾️ МАӘС және апелляция әйелдің борышкердің шотынан бұғаттауды алып тастау бойынша ЖСО-ның әрекетін заңсыз деп танып, әйелдің ЖСО-ға талап қоюын толығымен қанағаттандырған.
◾️ Істі қарай отырып, кассациялық сот алқасы ЖСО-ның заң бұзушылықтарын – борышкердің банктік шотына тыйым салуды жоюды, соның салдарынан өндіріп алушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын көрсетті.
◾️ Банк анықтамаларына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында борышкер алименттік қарызын өтемей өз шотынан 2,7 миллион теңгені шығарған.
◾️ Борышкерде жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік болмаған және бұл шот атқару құжатының орындалуын қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады.
◾️ Әкімшілік іс жөніндегі сот алқасы ЖСО-ның іс-әрекеті нақты мән-жайлар мен құқық нормаларына сәйкес келмейтінін, өйткені бұғаттаудың заңсыз алынуына байланысты борышкер алименттік міндеттемені орындаудан жалтарып, алименттік қарыз ұлғайғанын атап өтті.
◾️ Жоғарғы Сот сот актілерін қолдай отырып, жеке сот орындаушысының (ЖСО) қызметтік міндеттерін асыра пайдалану мен немқұрайлылық таныту фактілерін елемеуге, талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол берілмейтіндігін көрсетті.
◾️ Сот ЖСО-ның Республикалық палатасына анықталған ЖСО заңдылығын бұзушылықтар бойынша олардың болашақта орын алуына жол бермеу шараларын қолдану үшін ұйғарым жіберді.