View in Telegram
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Photo
⚜️Ғылым қоры Берлинде өткен CLIENT II қорытынды конференциясында коммерцияландыру механизмдерін талқылады Берлинде CLIENT II бағдарламасының – Тұрақты инновациялар үшін халықаралық серіктестік – қорытынды конференциясы өтуде. Шараны Германияның Федералды білім және зерттеулер министрлігі ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан, Вьетнам, Индонезия, Чили және басқа да қатысушы елдерден серіктестер шақырылған. Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Акатов «Халықаралық серіктестер CLIENT бағдарламасының ынтымақтастығы мен ықпалын қалай бағалайды?» атты пленарлық сессияда сөз сөйледі. Сессия аясында қолданбалы зерттеулерді коммерцияландыру тетіктері, инновациялық шешімдер әзірлеуге бизнесті тарту және технологияларды ауқымдандыру мүмкіндіктері талқыланды. CLIENT II бағдарламасы қатысушыларға ғылыми әзірлемелерді халықаралық нарыққа енгізу алаңын ұсынып, тұрақты дамуға ықпал етеді. Қазақстан CLIENT II бағдарламасының сегіз тақырыптық жобасына қатысуда. Бұл жобалар шегірткелерді экологиялық қауіпсіз басқару технологияларын енгізу, радиоактивті ластанған жерлерді қалпына келтіру, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру, жергілікті дақылдарға негізделген тоқыма өнеркәсібін дамыту және қалалардағы су ресурстарын басқару сияқты салаларды қамтиды. Жобалардың маңызды бірі — Locust-Tec, шегірткелерді экологиялық қауіпсіз басқаруға арналған инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған жобаны Назарбаев Университетінің өкілдері таныстырды. Бағдарламаны қаржыландыру мәселелеріне арналған баяндамаларды Германияның өкілдері ұсынды, олар: Райнер Мюснер (Германия Федералды білім және зерттеулер министрлігі), Питер Либелт (CASIB), Роланд Кейл (DLR Projektträger) және Даниэль Стапель (Jülich). Ғылым қоры ғылыми жобаларды коммерцияландырудың негізгі институты ретінде қазақстандық ғалымдарды халықаралық жобаларға тарту бағытында белсенді жұмысын жалғастыруда. Қор жаңа ғылыми-инновациялық серіктестіктер құрып, технологияларды коммерцияландыру мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily