🇰🇿🌾Бүгін Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысып, сөз сөйлеуде▫️Алдымен Мемлекет басшысы
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, содан кейін еліміздегі осы саладағы өзгерістерге және жетістіктерімізге тоқталды
✉️✉️✉️✉️✉️✉️– Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі
ең астықты елдің біріне айналды– Жаңа ғана арнайы көрмені араладық.
Отандық өнімдеріміздің сапасы жоғары, көбі экспортқа шығарылып жатыр. Бұл – зор жетістік
– Қазақстан Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан
әлемде 6-орын алады. Біз бидай экспорттайтын
10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз. Ұн экспорты бойынша
көш басындағы елдің біріміз– Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде
26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш
– Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде инфляция деңгейі төмендеді (биылғы қазан айында жылдық инфляция 8,5 пайызды құрады), сондай-ақ
ұлттық экономиканың өсімі 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында 4 пайыздан асып, жақсы қарқын алды
– Қазақстан шет елдерден тікелей инвестиция тарту бойынша
Орталық Азияда көш бастап тұр– Биыл жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері
Қазақстанның қазіргі несие рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде тұрғанын растады. Қыркүйекте Moody’s агенттігі Қазақстанның ұзақмерзімді рейтингін «Тұрақты» деңгейіне көтерді.
Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже– Жыл соңында жалпы құны
1,2 триллион теңгені құрайтын 180 индустриалды жоба іске асырылмақ
– Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта
«Отан», «Наурыз» және «Асыл мекен» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары ашылды
– Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен
17 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешімін тапты
– Бүгінде Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексіндегі еліміздің көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы осы рейтингте 32-ші орынға шықтық.
Қазақстан ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Бірақ жайбарақат отыруға болмайды.
@ptrkkz