KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

Channel
Logo of the Telegram channel KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
@kaznurkzPromote
4.21K
subscribers
5.36K
photos
512
videos
5.19K
links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз. Біз: 🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік; 🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
⚡️ Түркістан облысында мемлекет басшысының кортежі жүретін бағытты тексеру кезінде атыс қаруының жасырын қоймасы табылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Қаруды ІІМ, ҰҚК және МӨҚ қызметкерлері тапқан.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдіктілерді ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

t.center/kaznurkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Ұлттық Олимпиадалық комитеттің жаңа бас хатшысы тағайындалды

Бүгін, 27 қыркүйекте Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс жиыны өтті.

Геннадий Головкин спортшылардың Париж Олимпиадасындағы жетістіктеріне тоқталып, жарыс циклінің әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі жазғы ойындарға дайындықты қазірден бастау керектігіне назар аударды.

Бас Ассамблеяның күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі – жаңа бас хатшыны сайлау. Геннадий Головкин Әлімжан Ақаевтың кандидатурасын ұсынып, ұсынысты қатысушылар бірауыздан бекітті.

t.center/kaznurkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.

t.center/kaznurkz
Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста сындарлы ұстанымға жүгінетін бейтарап Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

t.center/kaznurkz
🇰🇿 Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңі аясында Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

t.center/kaznurkz
Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығынын өндіріп алды

Жоғарғы сот ақпаратынша, ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын көрсеткен.

Марқұмның ата-анасы талап қоюшының пайдасына өндіруден бас тартқан.

Талап қоюда қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындар да талап етілді.

Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап қоюды ішінара қанағаттандырды.

Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық зиян өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

t.center/kaznurkz
🥊 Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды

Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі - боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ.

Айта кетелік, World Boxing Геннадий Головкиннің кандидатурасын алғашқылардың бірі болып бекітті. Жақын арада Олимпиадалық комиссия құрамына спорт әлемінің өзге де өкілдері еніп, боксты Олимпиадалық қозғалыс ортасында қалдыруға арналған ірі жоспарларды жүзеге асыруға күш салады.

World Boxing 2023 жылдың сәуірінде құрылды. Қазіргі таңда ұйым құрамына әлемнің 44 мемлекетіндегі Ұлттық федерациялар енген.

t.center/kaznurkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соқты деген күдіктілер ұсталды

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың ұсталғанын хабарлады.

"Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарда.

Тергеу аясында барлық күдіктіден жауап алынды.

Министрлік олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

t.center/kaznurkz
Сыртқы істер министрлігі Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

"Құрметті отандастар, Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға тағы да шақырамыз.

Атап айтқанда, жергілікті билік орындарының нұсқауларын мүлтіксіз орындап ел ішіндегі жүріс-тұрысты мейлінше азайтқан жөн.

Сонымен қатар Оңтүстік пен Бекаа жазығындағы азаматтарға ахуал оңалғанша салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне уақытша көшу және халықаралық рейстер барында Ливаннан кете тұру мәселелерін қарастыруға кеңес беріледі", - делінген хабарда.

t.center/kaznurkz
Руслан Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
🥇 Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 89 кг дейінгі салмақта сынға түскен Едіге Емберді қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) кг салмақты еңсеріп, алтын медаль жеңіп алды.

t.center/kaznurkz
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды

Белгілі тарихи ескерткіш – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады.

Нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді.

t.center/kaznurkz
Астанада жылыту маусымы басталды – бүгін, 24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен басталды

Астана әкімдігінің Telegram-арнасындағы ақпарат бойынша, қалада барлық нысанды екі-үш күн ішінде толық қосу жоспарланған.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, емханалар) өздерінің өтінімдері бойынша жылытуға қосылған болатын. Сонымен қатар Астанада жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, тұрғын үйлерге жылу беру орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасы +10 градус немесе одан төмен көрсеткіш бес күн бойы тұрақтағанда басталатыны атап өтілген.

t.center/kaznurkz
More