💬«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы: алты елдің арнайы күштері банда құрамын жойды
«Орда» оқу полигонында шетелдік әріптестердің назарына қару-жарақ пен әскери техника көрмесі, сондай-ақ киім үлгілері көрсетілді. Ағымдағы жедел-тактикалық жағдаймен танысқаннан кейін практикалық іс-қимылдар өтті. Алты ел әскери контингенттерінен құралған біріккен топтың алдына шекараны бұзып өтіп, елді мекенге тығылған заңсыз қарулы құрылымды тауып, көзін жою міндеті қойылды. Содырлардың ұшқышсыз ұшақтардың көмегімен біріккен әскерлер тобына соққы бермек болған әрекетіне радиоэлектронды соғыс құралдарымен тойтарыс берілді.
Көпұлтты оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Әзербайжан, Катар, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан қарулы күштері мен Қазақстан күштік құрылымдары қолбасшылығының өкілдері бақылады.
ℹ️ @qazaqparat_kz