View in Telegram
6001-24-00-6ап/566 ◾️ 2019 жылдың наурыз айында сот бұйрығымен Семей қаласының тұрғынының пайдасына бұрынғы күйеуінен 9 жастағы баласын кәмелетке толғанша асырау үшін ай сайын жалақысының және (немесе) өзге де кірісінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. ◾️ 2022 жылдың сәуір айында сот орындаушысымен атқару өндірісі қозғалып, атқару шаралары қолданылып, 500 мың теңгеден астам қарыз анықталған. ◾️ Прокурор борышкердің банктік шоттарын бұғаттауға рұқсат берді, бір күннен кейін ЖСО заңды негізсіз және кредиторды ескертпестен оның күшін жойды. ◾️ Артынша борышкер алименттік міндеттемесін орындаудан жалтарып, 2023 жылдың маусым айында берешегі 890 мың теңгеден асып кеткен. ◾️ МАӘС және апелляция әйелдің борышкердің шотынан бұғаттауды алып тастау бойынша ЖСО-ның әрекетін заңсыз деп танып, әйелдің ЖСО-ға талап қоюын толығымен қанағаттандырған. ◾️ Істі қарай отырып, кассациялық сот алқасы ЖСО-ның заң бұзушылықтарын – борышкердің банктік шотына тыйым салуды жоюды, соның салдарынан өндіріп алушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын көрсетті. ◾️ Банк анықтамаларына сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында борышкер алименттік қарызын өтемей өз шотынан 2,7 миллион теңгені шығарған. ◾️ Борышкерде жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік болмаған және бұл шот атқару құжатының орындалуын қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады. ◾️ Әкімшілік іс жөніндегі сот алқасы ЖСО-ның іс-әрекеті нақты мән-жайлар мен құқық нормаларына сәйкес келмейтінін, өйткені бұғаттаудың заңсыз алынуына байланысты борышкер алименттік міндеттемені орындаудан жалтарып, алименттік қарыз ұлғайғанын атап өтті. ◾️ Жоғарғы Сот сот актілерін қолдай отырып, жеке сот орындаушысының (ЖСО) қызметтік міндеттерін асыра пайдалану мен немқұрайлылық таныту фактілерін елемеуге, талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол берілмейтіндігін көрсетті. ◾️ Сот ЖСО-ның Республикалық палатасына анықталған ЖСО заңдылығын бұзушылықтар бойынша олардың болашақта орын алуына жол бермеу шараларын қолдану үшін ұйғарым жіберді.
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily